Шырмауық барқытжапырақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Шырмауық барқытжапырақ, шырмауық будра (Үлгі:Lang-la) – ерінгүлділер тұқымдасы, барқытжапырақ туысына жататын көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 90 см-ге дейін жетеді.
  • Көлбеу өскен, жатаған сабақтарынан тік көтеріле шыққан бұталары бар.
  • Төменгі жағындағы жапырақтары бүйрек секілді, әрі дөңгелек, жоғарғы жағындағы жапырақтары - жүрек тәрізді. Жапырақтарының сағақтары ұзын, жұпталып өседі.
  • Гүлдері жоғарғы жапырақтарының қуысына орналасқан, көк түсті, гүл жапырақшалары бесеу. Мамыр-маусым айларында гүлдейді.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Еуропада, Азияның қоңыржай белдеулерінде таралған. Қазақстанда солтүстік-шығыс аудандарда бақтардың, ормандардың ішінде, бұталардың арасында, егістік жерлер мен шабындықтарда, өзен жағалауларында өседі.

Емдік қасиеті мен қолданысы

Құрамында эфир майы, илік заттар, шайыр, аскорбин қышқылы бар. Өсімдіктің иісі жалбыздың иісіне ұқсайды. Жапырағын ерте көктемде гүлдей бастағанда жинайды.
Халық медицинасында шырмауық будраны қақырық түсіретін дәрі ретінде, жалпы қабынуға қарсы және асқазан, бауыр, бүйрек, қуық ауруларын емдеу үшін де пайдаланылады. Сонымен қатар сыртқы жараларды, тері ауруларын емдеу үшін де қолданады.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер