Барқытжапырақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Барқытжапырақ, мысық жалбыз (Үлгі:Lang-la) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы.

Ботаникалық сипаты

  • Сабағы жоғары қарай бұтақталып өседі.
  • Биіктігі 4 – 80 см.
  • Жапырақтары бүйрек немесе жүрек тәрізді.
  • Гүлдері үштен жарты шатыршалы сабақ жапырақтарының қолтығынан шығады. Тостағанша жапырақтары түтік не қоңырау тәрізді, күлтесі көкшіл түсті. Мамырмаусым айларында гүлдеп, жемістенеді.
  • Жемісі – жылтыр жаңғақша, ашық қоңыр түсті.
  • Барқытжапырақтың құрамында эфир майы мен илік заттар болады, мал жемейді.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Еуразияның орманды аймақтарында кездесетін 12 түрі белгілі. Қазақстанда ылғалды жерлерде, ормандарда өсетін 1 түрі – шырмауық барқытжапырақ (Glechoma hederaceae) бар.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер