Шойтөбе (көне қала)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шойтөбе – ортағасырлық қалашық. Түркістан облысы Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 8 км жерде орналасқан. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам), 1986 жылы Тарих, археология және этнология институтының экспедициясы (жетекшісі К.Байпақов) зерттеген. Жобасы тік бұрышты ескерткіштің ауданы 360×200 м, биіктігі 3 м, солтүстік-батыс бұрышында орналасқан цитадельдің орны сопақша төбе түрінде тұр. Оның диаметрі 200 м, биіктігі 12 м. Қалашықты қоршаған қорғаныс қабырғасы мен оның бойында болған мұнаралардың орындары 1,5 м биіктікте сақталған. Қабырғаның сыртында орналасқан рабаттың (қорған) аумағы 25 га жерді алып жатыр. Қазба кезінде табылған заттар бұл жерде адамдар б.з. алғашқы ғасырынан мекендей бастағанын көрсетеді.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Сипаты

«Шойтөбе» атауы «Шой» деген Оғыз тайпасының атынан шыққан. Түркістан оазисінде Оғыз тайпаларының атымен аталатын қалалар бірнешеу, олар – Қарнұқ-Қарнақ; Қараджук-Қарашық; Байындур-Байылдыр; Қайы-Уранқай; Оқлы-Оқшы; Тәкин-Теке; Шой-Шойтөбе, Шойтөбе І, ІІ және Шоймола мазараты. Көрші аудандарда да оғыздарға қатысты қалалар жетерлік, олар Жавулдур-Шәуілдір; Мүрде-Мүрде; Қазғұрт-Қазығұрт; Тұрбатлы-Тұрбат және т.б.<ref>«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер»: жинақ / «Service Press» баспасы, 180 б. Алматы 2025 ж. 24 бет. - ISBN 978-601-7316-24-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub