Шағын (жергілікті) өркениеттер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:All Gizah Pyramids.jpg
Шағын өркениеттер
Сурет:Taj Mahal in March 2004.jpg
Шағын өркениеттер
Сурет:O Partenon de Atenas.jpg
Шағын өркениеттер
Сурет:San Francisco at Sunset.jpg
Шағын өркениеттер

Шағын (жергілікті) өркениеттер - жер шарының қандай да бір бөлігіндегі кең аумақта өмір сүретін тарихи қалыптасқан, басқа қауымдастықтардан өзіндік мәдениетімен, қүндылықтарымен, дінімен, салт-дәстүрімен, өмір салтымен және т.б. ерекшеленетін адамдар қауымдастығы. Шағын өркениеттердің, әдетте, кең аумағы және көп халқы болады (аумағы мен халқы салыстырмалы түрде аса үлкен емес жапон өркениетін есептемегенде). Шағын өркениеттер (мысалы, шумерлік, египеттік) пайда болды, дамыды, жойылды немесе әлі де өмір сүру¬де немесе басқа өркениеттерге негіз болды (мысалы, ежелгі грек және рим өркениеттері батыс өркениетіне негіз болды). Қазіргі шағын өркениеттерге батыс, ислам, православиелік, конфуциандық-буддистік,индуистік, латын американдық,ресейлік, жапондық және африкандық жатады. Шағын өркениеттердің қүрамына субөркениеттер кіруі мүмкін. Мысалы, батыс (батыс-христиандық, батысеуропалық, католиктік-протестанттық) өркениеттерден еуропалық, солтүстік- американдық, австралиялық субөркениеттерді ажыратуға болады; исламдық өркениеттен - сунниттік, шииттік, африкандық мүсымандық және түріктік, индонезиялық-малайзиялық субөркениеттер тармақталады; конфуциандық-буддистік өркениеттен - тибеттік-буддистік және жапон субөркениеті таралады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шағын (жергілікті) өркениеттер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}