Шаяхмет Шамұхамедұлы Ярмұхамедов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ярмұхамедов (Жармұхамедов) Шаяхмет Шамұхамедұлы (1902 жылы, Қаракөл қаласы – 1953 жылы, Теміртау қаласы) – қоғам қайраткері. Орыс - қазақ училищесін, Верный жоғары бастауыш училищесін (1918 жылы), Ленинградтағы (қазіргі Санкт - Петербург) Бүкілодақтық коммунистік ауыл шауашылығы университетін (1926 жылы) және өнеркәсіп академиясын (1940 жылы) бітірген. 1919 – 21 жылдары Ресей Коммунистік Жастар Одағы Алматы облысы комитетінің хатшысы, 1921 – 22 жылдары Түркістан Коммунистік Жастар Одағы ОК хатшысы, 1923 – 24 жылдары Ленинградта Жұмысшы - шаруа Қызыл армиясы қатарында, Ташкентте Түркістан АКСР Саяси ағарту бас басқармасының төрағасы болды. 1926 – 28 жылы Қызылорда уездік комитеті үгіт - насихат бөлімінің меңгерушісі, Сырдария губерния партия комитетінің үгіт - насихат бөлімінің және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі,<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref> 1928 – 29 жылдары Ақмола, Алматы округ атқару комитеттерінің хатшысы, 1930 – 31 жылы Қазақ өлкелік партия комитетінің нұсқаушысы, 1931 жылы тамыздан 1932 жылы мамырға дейін Қазақ АКСР еңбек халық комиссары қызметтерін атқарды. 1932 – 36 жылы Ақтөбе, Алматы облысы партия комитеттерінің хатшысы, 1940 – 43 жылдары Кузнецк металлургия комбинатында кеніш партия ұйымдастырушысы, 1943 – 53 жылы Теміртау қаласындағы Қазақ металлургия зауаты директорының орынбасары болып істеді. Ярмұхамедов Теміртау қаласын салуды ұйымдастырушылардың бірі, республиканың қара металлургиясын дамытуға елеулі үлес қосты. <ref>1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}