Шаяхмет Молдабеков
Шаяхмет Молдабеков (10.1.1939 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Шұбар ауылы) – ғалым, химия ғылымының доктары (1984), профессор Мәскеу химия-машина жасау институтын бітірген (1961).
Ысты руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
1961 – 66 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында ассистент, аға оқытушы, 1966 – 68 жылдары Мәскеу қаласындағы ғылыми-зерттеу институтында аспирант, 1968 – 75 жылдары “Бейорганикалық заттар технологиясы” кафедрасында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, 1975 – 80 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында проректор, ректор (1980 – 87), 1987 – 2005 жылдары кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2005 жылдан Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықар. қазақ-түрік университетінде кафедра меңгерушісі.
Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектерінің бағыты өндірістік қалдық газдарды аса зиянды және улы құраушыларынан тазалау және олардан тауарлы өнімдер алудың ғылыми негізін жасау мәселелеріне арналған. Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. <ref name="source 5">Қазақ Энциклопедиясы 10-том</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>