Шахимардан Қайдарұлы Әбілев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Шахмардан Қайдарұлы Әбілев" (23.4.1950, Арбген ауылы, қазіргі Павлодар облысы, Шарбақты ауданы) опералық әнші, педагог, ҚР еңбек сіңірген әртісі (1994).

Білімі

Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияны тәмамдады (1981).

Мансабы

Жамбыл атынадғы мемлекеттік филармонияның әншісі (1989). 1989-97 вокалды-опералық дайындау факультетінің деканы, ал 1997 Құрманғазы ат. Консерваториясында ән айту кафедрасының меңгерушісі.

Халықаралық сайыстарға қатысуы

Одессадағы Лысенко ат. конкурс және Львовтағы Соломин Крушельницкий атындағы конкурс қазылар алқасының мүшесі.

Репертуары

Әнші репертуарында 500-аса шығармалар бар - ариялар, романстар мен қазақ және шетел сазгерлерінің әндері. А. Жұбанов пен Л. Хамидидің (Абай), П.. Чайковскийдің "Евгений Онегин" (Онегин), Моцарттың "Колокольчик" (Анибаль) және " Фигароның үйлену тойы" (Фигаро), Ғ. Жұбанованың «Еңлік-Кебек» (Абыз. Есен) және т.б. рөлдерінде ойнады.

Гастрольдері

Англия, Түркия, Франция, Иран, Польша, Моңғолия, Корея және ТМД елдерінде гастрольде болды.

Ұлы ақын Абайдың 150-жылдығына орай Мәскеу, Лондон, Париж және республика бойынша жеке концертімен барып шықты.

Ескертулер

<references />

Әдебиет

  1. Павлодар. Павлодар облысы. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Қазақстан, А-А., 1969 (Павлодар Ертіс өңірі)

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}