Шалақазақтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шалақазақтар, шала қазақтар (Үлгі:Lang-ky, Үлгі:Lang-ru) — татар, сарт, ұйғыр және басқа ұлт өкілдері мен қазақ қыздары арасындағы некеден тараған ұрпаққа қатысты XVIII—XIX ғасырларда қолданылған этноним (έθνος — тайпа, халық + όνυμα — есім, атау).

Қазіргі кезде — қазақ халқының қазақ тілінде сөйлей алмайтын, қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтемейтін бөлігінің лақап атауы. Бұл сөз онымен қоса әкесі яки шешесі қазақ ұлтынан болмағандарды білдіреді<ref>Үлгі:Мақала</ref>. Шала қазаққа қарама қарсы мағынада «нағыз қазақ» термині қолданылады. Өз тегінен толығымен қол үзгендерді «ада қазақтар» деп атайды<ref name="camonitor">Үлгі:Мақала</ref>.

Терминнің пайда болуы

Шалақазақтар туралы алғашқы деректер XVII—XIX ғасырлардан бастап кездеседі. Ол кезде бұл атаумен қазақ даласына қоныс аударып, қазақтармен туыстасқан татарлардың, Орта Азиялық және Шығыс Түркістандық келімсектердің, орыс сарбаздарының, казактар мен қалмақтардың ұрпақтарын атаған. Шалақазақтардың бірінші ұрпағы қазақ тілінде сөйлеу білген, ал екінші ұрпағына ол ана тілі болып кетті. Сонымен қатар «шалақазақтар» деп наймандардың Мәмбет руының бір тармағы мен сарыбағыш тайпасының абла руының қырғызданып кеткен қазақтарын атайтын еді. Қазіргі шалақазақтардың тарихи шалақазақтарға еш қатысы жоқ<ref name="time">Үлгі:Мақала</ref>.

Қазіргі замандағы шалақазақтар

Қазіргі Қазақстанда шалақазақтар деп орыс мәдениетіне еніп кеткен, орыс мектептерінде оқып, орыс рухымен тәрбиеленген, орысша сөйлеп, ой толғайтын адамдарды атайды. Өзін «нағыз қазақ» санайтындардың арасында шалақазақтарға деген сенімсіздік, олардың «кемістігі» туралы пікір қалыптасқан<ref name="camonitor" />.

Қазақ ұлтшыл-патриоттарының көзінде қазақ тілін білмей, өзінің ұлтына қатыстығын жоққа шығаратындар да, мойындайтындар да «шалақазақ» саналады. Ұлтшыл патриоттардың негізгі талабы — бүкіл орыстанған қазақтар мен өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанның мемлекеттік тілі — қазақ тілін меңгеруі. Қазақ жазушысы Смағұл Елубайдың айтуынша, орыс тілінің мемлекеттік тілмен теңдігіне сілтейтіндер «20 жыл ішінде қазақша сәлемдесуді де үйренген жоқ немесе үйренгісі келмейді», ұлтшылдардың көпшілігі қазақ тілі мен орыс тілінде еркін сөйлей алады, ал тіл реформаларына қарсылық танытқан орыстілділер тек қана орыс тілін меңгерген<ref>Үлгі:Мақала</ref>. «Егер барлық орыстілділер республиканың екі негізгі тілін қолдана білгенде, тілдік мәселе өздігімен шешілетін еді», — деді Смағұл Елубай.

Талғат Мамырайымовтың пікірінше, кеңестік дәуірде қазақ мәдениеті «мешеу», ал орыс мәдениеті «озық» деп танылғандықтан, қарапайым халық пен зиялы қауымның арасында «олқылық комплексі» пайда болған. Кеңес Одағы заманында қазақша сөйлеу, қазақ мәдениетінің иесі болу «дөрекі» саналатын, орыс тілін білмеу «мәмбеттіктің» белгісі және қызмет сатысында жоғарылауға кедергі болды<ref>Үлгі:Мақала</ref>.

Болат Жанаевтың айтуынша, «қазақтілділер мен орыстілділер арасындағы алшақтық асыра көрсетілген», себебі көп шалақазақтың «нағыз қазақ» тума-туыстары бар және олар жастайынан олардың дәстүрлерінен үлгі алып өседі<ref name="time" />.

Шалақазақ тілі

«Шалақазақ тілі» деп орыс тілінен көптеген сөздер кірген қазақ тілін атайды. Украинадағы суржик пен Беларусьтегі трасянкаға ұқсас. «31 арнаның» оқушылар арасындағы сауалы бойынша, ең көп тараған шалақазақ тілінің сөздері болып «грузить етпе», «мешать етпе», «поздравить ету» және т. б. сөздер танылды<ref>Үлгі:Мақала</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Қазақ рулары