Смағұл Абатұлы Елубай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы Смағұл Абатұлы Елубай (9 наурыз 1947 жыл, Шаржоу облысы, Түрікменстан) — белгілі жазушы, кинодраматург, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Өмірбаяны

Смағұл Елубай 1947 жылы Түркменстанда өмірге келген. 1961 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Алматыдағы 12 мектепте оқыған. 1971 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген. 1974-1975 жылдары Мәскеудегі сценаристер дайындайтын жоғарғы курсын бітірген.

Еңбек жолы

  • 1976-1992 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас редактордың орынбасары;
  • 1992-1995 жылдары республикалық "Мәдениет және тұрмыс" (қазіргі "Парасат") журналының бас редакторы;
  • 1995-2004 жылдары Прадағы "Азаттық радиосының" журналисті;
  • 2008-2010 жылдары "Қазақфильм" киностудиясының бас редакторы;
  • 2010 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры.

Әдеби еңбектері

  • "Ақ боз үй" роман-нтрилогиясы - роман 1932 жылғы аштық пен 1937 жылғы репрессия туралы. "Ақ боз үй" романы "Lonely Yurt" деген атпен ағылшын тіліне және "Akboz Ev" деген атпен түрік тілдеріне аударылған.
  • "Қиямат-қайым ғасыры" философиялық ойтолғаулары;
  • "Ойсыл-Қара" (1972);
  • "Саттар соқпағы" 1974);
  • "Жарық дүние" (1978);
  • "Білте шамның жарығы".

Сценарийілері

  • "Қызыл отау" (1982);
  • "Ай астындағы үй" (1983);
  • "Өтелмеген парыз" (1983):
  • "Сұрапыл сұржекей" (1992), Ашхабадта өткен ТМД кинофестиалінің бас жүлдесі;
  • "Батыр Баян" (1992);
  • "Кек" (2004);
  • "Аңшы бала" (2012), Голливудта өткен IFFF кинофестивалінің бас жүлдесі;
  • "Алмас қылыш" (2016);
  • "Қазақ елі" телесериалы (2016);
  • "Оазис" (2016).

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}