Шайх-Хасан Сатарқұлұлы Жазықбаев
Шайх-Хасан Сатарқұлұлы Жазықбаев (20 қыркүйек 1976, Жамбыл облысы) — қазақстандық әскери қайраткер, инженер және генерал-майор. 2024 жылдан бастап Қорғаныс министрінің орынбасары.
Өмірбаяны
1976 жылы 20 қыркүйекте Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Карл Маркс ауылында дүниеге келді.
1999 жылы Ресейдегі Н.Н. Воронов атындағы Пенза әскери артиллериялық инженерлік училищесін жылу және импульстік инженер мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін 2004 жылға дейін 74261 әскери бөлімінің Автоматты бағыттаушы компания қызметі бастығының көмекшісі болды.
Жазықбаевтың алғашқы қызметтері әскери батальондарда өтті:
2004—2006 жылдары 28079 әскери бөлімінің рота командирі;
2006—2007 жылдары 89427 әскери бөлімінің Қазақстандық бітімгерлік батальоны «Қазбаттың» инженерлік-саперлік (арнайы мақсаттағы) жасақты қамтамасыз ету тобының командирі;
2007—2008 жылдары 89427 әскери бөлімінің Қазақстандық бітімгерлік батальоны «Қазбаттың» командирінің орынбасары;
2008 жылғы мамыр—маусым айларында 28079 әскери бөлімінің штаб бастығы — батальон командирінің орынбасары;
2008—2013 жылдары 28079 әскери бөлімінің Қазақстандық бітімгерлік батальонының командирі болып еңбектенді.
2013 жылы Ұлттық қорғаныс университетін әскери-әкімшілік басқару мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін маусым—қыркүйек айларында 61993 әскери бөлімінің командирінің бірінші орынбасары — штаб бастығы болса, 2016 жылға дейін сол бөлімнің командирі атанды.
2016—2017 жылдары Аэромобильді әскерлер қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары —Жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы болды.
2019 жылы Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік қорғаныс мамандығы бойынша аяқтап келгеннен кейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің штаб бастығы —қолбасшының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2 жылдан кейін Қазақстан Президентінің өкімімен «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
2023 жылы Қазақстан Президентінің өкімімен лауазымынан босатылып Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2024 жылы Қазақстан Президентінің өкімімен Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Үйленген, 3 баласы бар.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары мен атақтары
- Генерал-майор (2022)<ref>Үлгі:Cite web</ref>;
- ІІ дәрежелі Даңқ ордені;
- ІІ дәрежелі Айбын ордені.