Хорлан Ықсанқызы Қалиламбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Хорлан Ықсанқызы Қалиламбекова (18 қараша 1945 жыл, Қарағанды облысы Балқаш қаласы) – қазақстандық опера және камералық әншісі. Қазақстанның халық әртісі. Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. Ыбырай Алтынсарин атындағы құрметті белгісінің иегері.

Жалпы мәліметтер

Қарағанды музыкалық училищесін (1967), Хорлан Қалиламбекова сахнада Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1972).<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref> Еңбек жолын Қазақ академиялық опера және балет театрында әнші болып бастады. 1977- 1978 жылдары Софияның (Болгария) опера және балет театрында тәжірибе жинақтаудан өтті. Ол Қамар мен Қарагөз (Е.Рахмадиевтің "Қамар сұлуы" мен "Алпамысында"), Еңлік (Ғ.Жұбанованың "Еңлік - Кебегінде"), Ақтоқты (С.Мұқамеджановтың "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Татьяна мен Иоланта (П.И. Чайковскийдің "Евгений Онегині" мен "Иолантасында"), Чио-Чио-Сан (Дж.Пуччинидің "Чио-Чио-Санында"), Травиата (Дж. Вердидің "Травиатасында"), т.б. арияларын орындады. 1975 - 1980 жылдары Польшада, Румынияда, Португалияда, Финляндияда, Үндістанда өнер көрсетті. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық опера және балет театрында (Астана) әнші әрі Қазақ ұлттық музыка академиясында (Астана) дәріс береді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Марапаттары

Жеке өмірі

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}