Хасан Шаяхметұлы Бектұрғанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бектұрғанов Хасан Шаяхметұлы (1922, Мамлют ауданы Мамлют қаласы — 1987, Тараз қаласы) — партия және қоғам қайраткері.

Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

1941 жылы Фрунзе (Бішкек) жаяу әскер училищесін, Алматыдағы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1958) бітірген. 1941 жылы Қызыл армия қатарына шақырылып, 38-атқыштар дивизиясының құрамында взвод командирі болып, Калинин және Солтүстік-батыс майдандардағы шайқастарға қатысқан. 1942 жылы сәуір айында 8-гвардия И.В. Панфилов дивизиясында полк комсоргы, 1943 жылдың сәуір айынан 19-гвардия атқыштар дивизиясында полк комсоргы бола жүріп, соғысты аяқтайды. Петропавл қаласына оралған соң Солтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің нұсқаушысы; кейіннен Совет (қазіргі Аққайың ауданы) ауданы партия комитетінің хатшысының орынбасары; 1958 — 66 ж. Көкшетау, кейіннен Ақтөбе облысы партия комитеттері хатшысының 2-орынбасары, атқару комимтетінің төрағасы; 1966 — 83 жылдары Қызылорда, Жамбыл облысы партия комитеттерінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған. Бірнеше ордендермен және медальдармен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том</ref><ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023. ISBN 978-601-7059-54-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:WikifyҮлгі:Stub