Хан жәрмеңкесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хан жәрмеңкесі - 1831 жылы Жәңгір ханның өз иелігіндегі аумақтан ашқан сауда-саттық орны.

Жәңгір ханның тілегі

Жәңгір хан рұқсат сұрап, патшаның қаржы министрлігіне өтініш жасайды. 1832 жылы хан тілегі орындалып, қазынадан әдеуір қаржы бөлінеді.

Хан жәрмеңкесінің өтілуі

Ордадан 35 км жерде Хан жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңке жылына екі рет, 7 - 25 мамыр, 14 - 25 қыркүйек аралығында жұмыс істеген. Жәрмеңке басында жүздеген сауда орындары, киіз үйлер тігілген. Оған Иран мен Ирактан. Бұхарадан, Ресейдің ірі орталықтары - Мәскеу, Новгород, Астрахан, Саратов, Ростов және т.б. жерлерден өнеркәсіп өнімдерінің алуан түрлерін әкелген, ал жергілікті қазақ байлары мен шаруалары төрт түлік малын айырбас саудаға салған, қой, түйе жүні, ешкінің түбіті, мал терісі, текеметтер, түрлі-түсті алаша мен кілем үлкен сұранысқа ие болған. Әсіресе қазақтардың қымыз, шұбат, айран, көже, ірімшік, құрт, қазы, қарта, т.б. жеңсік тағамдарын шеттен келген көпестер көтерме бағамен сатып алған. Хан жәрмеңкесіне қатынасушыларға жергілікті әнші-күйші, ақын-жыраулар, т.б. өнер көрсеткен. Хан жәрмеңкесі 1929 жылы жабылған. <ref> Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2006. - 768 б. ISBN 9965-26-175-X </ref>

Дереккөздер

Үлгі:References