Халькопирит
Үлгі:Infobox mineral Халькопирит (грекше chalkos — мыс және пирит), мыс колчеданы — сульфидтер класына жататын минерал. Химиялық формуласы: CuFeS2, құрамы (%): Cu — 34,64, Fe — 30,42, қоспалары: Ag, Au, Tl, тағы басқалар. Тетрагоналды сингонияда кристалданады. Агрегаттары түйірлі, тұтас немесе сеппе түрінде болады. Түсі сары, металл тәрізді жылтыр, жымдастығы жетілмеген, электр тогын нашар өткізеді, 1000С-та балқиды. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 3 — 4, тығыздығы 4,1 — 4,3 г/см3. Халькопирит магмалық (негізді атпа тау жыныстарындағы мысты-никельді сульфидті кентастарда), гидротермалдық (жапсарлық, мысты-турмалиндік, мыс кентастарының сеппелі формациялары, колчедандық), шөгінді (мысты құмтастар мен тақтатастар) кендерде әртүрлі сульфидтермен бірге кездеседі. Қазақстанда Жезқазған, Қоңырат кендерінен табылған. Халькопирит — мыс алынатын негізгі кентас.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>