Моос шкаласы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Моос шкаласы, қаттылықтың минералогиялық шкаласы – түрлі минералдардың салыстырмалы қаттылығын анықтайтын он баллдық шкала. 1811 жылы неміс минерологі Ф.Моос (1773 – 1839) ұсынған. Қаттылығы өсу ретімен орналастырылған 10 минералдан тұрады: 1 – тальк, 2 – гипс, 3 – кальцит, 4 – флюорит, 5 – апатит, 6 – орто-клаз, 7 – кварц, 8 – топаз, 9 – корунд, 10 – алмас. Салыстырмалы қаттылықты Моос шкаласының эталонымен зерттелетін нысан бетіне із түсіру жолымен анықтайды. Моос шкаласында әрбір алдыңғы минерал өзінен кейінгі минералдан жұмсақ келеді. Егер қаттылығы 5 болатын эталонмен зерттелетін үлгіге із түсірсе, ал соңғысы қаттылығы 4 болатын эталон бетіне із қалдырса, онда минералдың қаттылығы шамамен 4,5 болады. Моос шкаласысы минералдардың қаттылығын тез анықтау үшін қолданылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Моос шкаласы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}