Халықаралық валюта өлшемдері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ӨЛШЕМДЕРІ — халықаралық талаптар мен міндеттемелерді салыстырып өлшеу, валюта бағамын айқындау үшін қолданылатын шартты ауқымдағы ақша өлшемдері. Х. в. ө-нің қажеттілігі мен мәніне Дж. М.Кейнс, Г.Уайт, Р.Триффин, т.б. экономист ғалымдардың еңбектерінде теор. негіздеме берілді. Алғаш рет 20 ғ-дың 30-жылдары дүниежүз. экон. және қаржы дағдарысы жағдайында пайда болды. Ұзақ жылдар бойына оның аясы халықар. қаржы ин-ттарының операцияларымен және мемлекетаралық келісімдермен шектелді. Мәселен, Халықаралық есеп айырысу банкі теңгерімді бағалау үшін шартты алтын франкін қолданды. Еур. төлем одағының валютасы ретінде АҚШ долларының алтын құрамын қабылдаған epunіt (эпунит) пайдаланылды. 20 ғ-дың 60-жылдары Х. в. ө. халықар. несие операцияларында, 70-жылдардан бастап жеке меншік банкілердің операцияларында және валюта бағамын айқындау үшін пайдаланыла бастады. Мәселен, 19581978 ж. Еуропа экон. қоғамдастығында еур. есептесу өлшемі (European Unіt of Account) қолданылды. 1970 жылдан бастап СДР (арнаулы қарыз алысу құқығы — Specіal Drawіng Rіghts — SDR) пайдаланылады, 19791998 ж. ЭКЮ (European Currency Unіt) қолданылды. 1999 ж. ЭКЮ-ді еуро ауыстырды. СДР мен ЭКЮ-дің ортақ белгілері олардың әлемдік несие ақшасының түпбейнесі ретіндегі табиғатына байланысты болды. Олардың банкнот түріндегі материалдық нысаны жоқ, ХВҚ-ға мүше елдер мен Еуропалық валюта одағы (ЕВО) мүшелерінің орталық банкілерінің шотына аударылады (ЭКЮ 1999 жылға дейін), олар бойынша ақшасыз аударым жасау үшін пайдаланылады. Олардың шартты құны валюталық қоржын әдісімен айқындалады, бірақ валюталардың жиыны әр түрлі болады. Алайда ЭКЮ мен СДР арасында елеулі айырмашылықтар бар. СДР-дің ресми эмитенті — Халықар. валюта қоры (ХВҚ), ал ЭКЮ-дің эмитенті — Еур. валюта ин-ты (ЕВИ). СДР-ден өзгеше түрде ресми ЭКЮ-дің шығарылымы ішінара алтынмен және доллармен қамтамасыз етілді. Орт. банкілер өздерінің сақтық алтын-валюта қорының 20%-ын ЕВИ-ге аударған. СДР шығарылымының сомасы еркін шешіммен белгілі бір мерзімге белгіленеді және елдің ХВҚ-дағы үлестемесінің мөлшеріне қарай бөлінеді. ЭКЮ-дің шығарылымына тоқсан сайын түзету енгізіліп отырды және ЕВО-ға мүше елдердің ресми сақтық қорларының өзгеруіне қарай бөлінді. ЭКЮ шығарылымының көлемі СДР-дің шығарылымынан әлдеқайда көп. Валюта қоржыны (12 валюта) ЭКЮ-дің бағамын айқындау үшін ғана емес, сонымен бірге валюталардың баламдық торын есептеу үшін де қолданылды. СДР-дің құндық баламы 4 валютаның негізінде айқындалады. СДР бағамының режимі — жеке өзгермелі, ал ЭКЮ-дің құндық баламы (1979 — 98) “еуропалық валюта құбылмасы”, яғни орт. бағамның 15% шегінде бірлесіп ауытқып отырады. Маастрих шартына сәйкес 1999 — 2001 ж. Еуропа Одағына (ЕО) мүше елдер бірыңғай еур. валюта — еуроға көшті. Ол 2002 ж. қаңтардан айналысқа енді. Дамушы елдер нысаны жағынан Х. в. ө-не ұқсас аймақтық ақша өлшемдерін шығарады. Олардың қатарында: Африка даму банкінің, Африка даму қорының шоттық өлшемдері; Ислам даму банкінің есептік өлшемі, Азия клирингілік одағының Азия валюталық өлшемі, Батыс Африка мемлекеттері Экон. қоғамдастығының — Батыс Африкалық шот өлшемі, Араб валюта қорының — есептік динары, Анд одағына мүше елдердің — анд песосы, т.б. Х. в. ө-нің дамуына экономиканың интернационалдануы және әлемдік экономиканың жаһандануы, жалпы жұрт таныған әлемдік несиелік ақшаның жоқтығы себеп болды.

Сілтемелер:

"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}