Франциск (рим папасы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Иерарх Франциск<ref name="faz">http://www.faz.net/aktuell/politik/die-wahl-des-papstes/der-neue-papst-franziskus-nicht-franziskus-i-12114381.html</ref> (17 желтоқсан, 1936 жылы, Буэнос-Айрес, Аргентина; Үлгі:Lang-la, Үлгі:Lang-it; интронизацияға дейін — Хорхе Марио Бергольо, Үлгі:Lang-es) 2013 жылдың 13 наурызынан бастап 266-шы рим папасы. Тарихта алғаш рет Жаңа Әлемнен шыққан рим папасы. Жаңадан таңдалған Франциск — Еуропадан шықпаған алғашқы рим папасы. Бұндай жағдай 731 және 741 жылдары билік еткен сириялық III Григорийдің таңдалуынан бері 1200 жыл бойы болмаған<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Рим папалардың арасындағы алғашқы иезуит.

Өмірбаян

1936 жылдың 17 желтоқсанында Буэнос-Айрес қаласында теміржол қызметкері болып жұмыс істейтін, итальяндық эмигрант отбасында дүниеге келген. Бес баланың ішіндегі кенжесі. Химика-технолог мамандығына оқып, диплом алған. Буэнос-Айрестегі Вилья-Девото семинариясында білім алған. 1958 жылдың 11 наурызында иезуиттер орденіне кіреді. Новициатты Чилиде (гуманитарлық ғылымдар) өтеді, осыдан кейін білімін Буэнос-Айрестегі Әулие Иосиф атындағы колледжде жалғастырады. Осы жерде философия бойынша лиценциат дәрежесіне ие болады. Буэнос-Айрестегі үш католиктік колледждерде әдебиет, философия және теоголия пәндерінде сабақ жүргізеді. Испан тілінен бөлек итальян және неміс тілдерінде еркін сөйлейді.

Рим папасы өзінің бір сөзінде: Үлгі:Start citationЖамағатты Шіркеуге шақыру сияқты қабілетім бар екендігін білмеген күндері Аргентинадағы түнгі клубтарда «ұрдажық» қызметін атқарғанмын, сондай-ақ еден жуушы мен лаборантта болған күндерім бар.Үлгі:End citation —дейді.

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Бастама