Ференц Лист

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ференц Лист - XIX ғасырлардағы ірі музыка қайраткері. Венгр халқының ұлы композиторы Ф. Лист, Г. Берлиоз, Н. Паганини, Ф. Шопен, М. Глинка сияқты ірі музыка жұлдыздарымен замандас, пікірлес болды. Ол Гетенің "Фаустыны" және Дантенің "Құдіретті комедиясына" симфония, 30 симфониялық поэма, концерттер, венгр халқының әндеріне фантазиялар, транскрипциялар жазған.

Музыкасы ұлттық нақыштарға бай. Ф.Лист кәсіби музыкадағы жаңа жанр - симфониялық поэманы өміге әкелді. Ф. Листтің асқан орындаушылық шеберлігі фортепиано аспабының мүмкіндігін барынша дамытты.

Дереккөздер

Музыка: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. - Алматы: Атамұра, 2011.-176 бет, ноталы. ISBN 978-601-282-256-4