Фантазия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фантазия (Үлгі:Lang-el — қиялдау) — музыкада еркін формадағы музыкалық шығарма. 16 — 17 ғасырларда фантазия орган, клавир, лютня аспаптарына арналып, полифониялық түрде жазылған. 18 ғасырда органдық және клавирлік фантазиялар импровизация стилінде фугаға кіріспе ретінде (И.С. Бахтың органға жазған соль-минорлық “Фантазия және фугасы” мен клавирлік “Хроматикалық фантазиясы”) қолданылды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> 19 ғасырдағы Фантазиялар көбіне халық әндері, би, романс, опера, балет әндеріне негізделді. Мысалы: Ф.Листтің, В.А. Моцарттың “Дон Жуан” операсы тақырыбына жазған фортепианолық Фантазиясы, А.Н. Римский-Корсаковтың скрипка мен оркестрге арналған “Орыс халық әндері тақырыбына жазылған фантазиясы”, т.б. Фантазия жанры Қазақстан музыкасында да көрініс тапты. Мысалы, М.Төлебаевтың қазақ әуендеріне, С.И. Шабельскийдің қазақ, орыс пен корей тақырыбына, А.Қ. Жұбановтың “Абай” операсы тақырыбына жазған оркестрлік Фантазиялар, т.б. аспаптық туындылар бар. Е. Түсіпов, С. Нұрланов<ref>Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}