Фатализм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фатализм (латынша satalіs – қашып құтылмайтын) – әрбір оқиғаны және адамның әрбір әрекетін о баста бекітілген деп білетін, қалау еркі мен кездейсоқтықты жоққа шығаратын дүниетанымдық тұжырымдама. Фатализмнің негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады.қайырымдылықтың, сырқаттың немесе жұмыссыздықтың сипаттамасы ретінде жиі анықталады. Жазмышты: мифологиялық Фатализм – иррационалды, қараңғы тағдыр; теологиялық Фатализм – құдіретті Құдайдың қалауы; рационалистік Фатализм– себептер мен салдардың тұйықталған каузалды жүйесінің ішіндегі қапысыз шиеленісі деп біледі. Фатализмның бірінші түрі мәдениеттің алғашқы кезеңінде көрініп, астрология сияқты окультті ілімдерде орын алды. Теологиялық Фатализм бір адамдарды тозаққа баратын, екінші біреулерін жұмаққа баратын деп білген христиан ережесінде (Готшалк), калвинизм, янсенизм, исламдағы жабариттер ілімінде көрініс берді. Рационалистік Ф. Демокриттен, Гоббстен, Спинозадан, механикалық детерменизм өкілдерінен көрінді. Рационалистік Фатализмнің кейінгі нұсқасы адамның қылмысқа табиғи бейімділігі жайлы (Ломброзе) сөз етеді.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Дереккөздер

<references/> "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}