Файзолла Мұртазаұлы Оразаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Файзолла Мұртазаұлы Оразаев (15.12.1938, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы Иқан ауылы)- ғалым, филология ғылымдарының докторы (1975).

ҚазҰУ- ды (1960), ҚазҰПУ-дың аспирантурасын бітірген (1969). 1960 - 1966 жылдары "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде, "Мәдениет және тұрмыс" (қазіргі "Парасат"), "Жұлдыз" журналдарында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, "Қазақфильм" киностудиясында аға редактор, 1971 - 1980 жылдары Әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, 1980 - 1994 жылдары ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1994 жылдан Алматы Халықаралық мамандықтар институтының ректоры.

Қазақ әдебиетінің түрлі мәселелеріне арналған көптеген мақалалардың,

  • "Басты тұлға" (1973),
  • "Жастық шақ театры" (1978),
  • "3амана қаһарманы" (1981),
  • "Қазақ әдебиетін зерттеушілер" (1991) зерттеу еңбектері жарық көрген.
  • "Қазақ театрының тарихы" I және II томдар,
  • "Стиль сыры" (1975),
  • "Уақыт және қаламгер" (1975 - 81),
  • "Художественное искание современной многонациональной литературы" (1980),
  • "Фольклор. Литература и история Востока" (1984),
  • "Қазақстандағы патша отаршылдығы" ("Царская колонизация в Казахстане", 1995) кітаптары авторларының бірі.

Оразаевтың ғылыми ізденістерінің бір саласы журналистика. Ол -

  • "Орыс журналистикасының тарихы" (1986),
  • "Қазақ журналистикасының тарихы" (1996, Қ.Алдабергенов пен Ж.Нұсқабайұлымен бірге), т.б. оқулықтардың авторы. Орыс жазушылары М.Горькийдің, А.Станюковичтің, өзбек жазушысы П.Қадыровтың, У.Хашимовтың шығармаларын қазақ тіліне аударған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}