Уызқағанақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Уыз қағанақ - ертеңгілік тамақ ішпей шыққан немесе түскі шайына оралғанша қойшылардың өрісте жүргенде даярлайтын тамағы. Ол үшін қойшылар жан торсығына қойдың сүт-уызын сауып алады да, үйден ала шыққан бүйенге (дүңгіршекке) толтырып, алдын ала жағып қойған жанба отының қоламтасына көме қояды. Сүт пісірім уақыттан соң, піскен асын көк шөптің үстіне қояды да, сыртқы қабын тіліп жібереді де, дірілдеп тұрған уызды жейді. Жаңа сауылған сүтті қайнатпай сапырып отырып пісіреді.

Дереккөздер

Атамұра " Қазақы дастархан", Автор: Сегізбайұлы Қадірбек Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама Үлгі:Уики