Бүйен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүйенащы ішек пен тоқ ішектің тоғысатын тұсындағы тұйық, жуан ішектен арнайы жасалатын ыдыс, кейде “түп бүйен” деп те атайды. Оны жасау үшін жаңа сойылған қойдың не ешкінің бүйенін айналдырып тазалаған соң, тұзды судың қанық ерітіндісіне бір тәулік батырып қойып, иіс-қонысы кеткен соң алады да, үрлеп, көлеңкеге кептіріп, тобарсыған кезде сары май сіңіріп жұмсартып, ішіне ағаш қасықпен сары май, жент, майға араластырған талқан толтырып, аузын жіппен байлап, адалбақанға асып қояды. Бүйенде сақталған мұндай тағамдар ұзақ уақытқа дейін бұзылмайды әрі ерекше дәмді болады. Қажет кезінде жібін шешіп, сығып ала беруге болады. Жорыққа аттанған ежелгі қазақ жауынгерлерінің, ұзақ жолға шыққан жолаушылардың, отбасына келген қонақтардың сүйсініп жейтін, дастарқан сәнін келтіретін ұлттық тағамдардың бірегей дәмдісі, осы бүйенге салынған тағамдар болған.

<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүйен|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}