Усул әд-Дин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Усул ад-Дин - Ислам дінінің немесе діни ілімнің еш уақытта өзгермейтін негіздері мен бұлжымайтын қағидалары. Бұл қағидаларды сынауға да, мінеуге де болмайды. Мұсылман дінінің екі үлкен арнасы сунниттер мен шииттердің діни қағидаларына, ең әуелі негіз бояушы, мутазилашылардың діни қағидасы екені белгілі. Ислам дініндегі қалыптасқан діни қағида IX ғасырдың аяғында толық жетілді. Мутазилашылардың қасаң қағидаларының негізі сияқты, сунниттердің де ұстаған Құдай жолында өзгермейтін бес түрлі қағидасы болды. Олар:

  • 1) бір Тәңірге сиыну туралы ілім:
  • 2) Құдай сөзінің шындығы мен

Аллаһ өмірінің әділдігі;

  • 3) Мұхаммед

Пайғамбарды (с.а.у.) Құдайдың Елшісі деп танып, одан бұрын өткен Пайғамбарлардың әулиелігіне сену;

  • 4) діни сенім күні, қиямет

қайым күні мен о дүние туралы ұғым;

  • 5) имамдық туралы ілім. Алғашқы төрт қағида

сунниттерге де, шииттерге де ортақ болды. Мұсылман қауымы қабылдаған Құдай сөзінде Усул ад-Дин ілімі Исламның жалпы көзқарасы мен методологиясын белгілейді. Діни әдебиеттерде Усул ад-Дин немесе Усул аддийана сөздері, илм әл-калам ұғымының орнына жиі қолданылады. Негізінен бұлар Ислам дініндегі жүйелердің алғышарт, кіріспе сөздері ретінде қолданылады. Сондықтан да кейбір діни шығармалардың аттары: әл- Ибан ан усул ад-дийананы, әл-Ашаридің еңбегі деп аталып жүр (935 ж.ө.) Осы шығармалардың авторлары Исламдық діни жүйені тарата келіп, мұсылман дініндегі өзгермейтін бес түрлі қағиданы да «негіз» етіп талдайды. Оларды тарата айтып, өз ішінен шығатын мәселелерді де жіктеп беруге тырысады. Мәселен, жоғарыда келтірілген «әл-Бағдади» еңбегінде діни қағиданың он бес түрлі «негізін» айта келіп, оның ішінен таратып он бес түрлі мәселені көтереді. аш-Шахрастани (1153 ж.ө.) өзінің «Нихайат әл-икдам фиилм әл-калам» атты еңбегінде Құдай сөзінің жиырмадан астам өзгермейтін кағидаларын келтіреді. Қазіргі мұсылман Шығысындағы діни жоғарғы мектептерде арнайы ашылған ф-тер бар. Онда негізгі ілім ретінде Құдай сөзі мен апологетика негіздері оқытылады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub