Уахдати-вужуд

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Уахдати-вужуд - болмыстың бірлігі. Абс. болмыс Аллаһқа тән. Осы ақиқатты сезіну болмыстың бірлігіне ұласу болып табылады. Уахдати-вужуд - ұғым ретінде ибн Арабиден кейін пайда болса да оның мазмұны жағынан сопылық дүниетанымның алғашқы қалыптасу кезеңінен бері бар. Уахдати-вужуд мазмұны Құран және сүннеттен алынып, алғашқы дәуір суфилері тарапынан «таухид» ретінде қалыптасты. Болмыстың бірлігі Аллаһтың сипаттарының көрінісі ретінде болмыс болып табылады. Аллаһтың әрбір сипаты болмыстарда көрініс береді. Бір және Бар Абс. болмыс болып табылатын Аллаһ барлық жаратылған болмыстардың негізі, субстанциясы. Оның әрбір сипаттарының көрініс беруі объектілер мен құбылыстарда пайда болады. Уахдати-вужуд әлемнің мәні Аллаһтың мәніне тән ретінде қабылданбайды. Керісінше, әлемнің болмысы Аллаһтың болмысына қатысты болады. Өйткені мән жаратылған болмыс емес. Сондықтан Аллаһ әлемге немесе объектілерге өзінің мәнін емес, оларға болмыс тіршілік беріп, жаратады. Сондықтан да іс-амалдар Аллаһқа тән емес. Демек, тағдыр бар. Зорлық немесе детерминизм жоқ.

Батыс философиясындағы натурализмнің негізінде дамыған пантеизм мен уахдатул вужуд арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Пантеизмде абс. болмыс бір қырынан алғанда табиғат, ал басқа қырынан алғанда Тәңір (субстанңия). Тәңір әлемде көрініс берудің орнына табиғаттың өзі Тәңір болып табылады. Уахдати-вужуд Исламдық доктринаны негізге алған, ақыретті қабылдайтын, мақсаттық себепті қажетті деп білетін, ғибадаттар мен ритуалдарды басшылыққа алатын, аят пен хадисті, Құдайлық танымға сүйенетін ілім. Пантеизмде Құдайлық қалау мен адамның еркін жоққа шығару бар, ал уахдати-вужуд түсінігі бойынша Құдайлық ерік пен адамның еркі арасындағы үйлесімділік негізінде адамның жауапкершілігін негізделген. Аллаһ өзінің еркі мен болмысының белсенділігін сақтап отырады. Уахдати-вужуд рухани қабілеттер арқылы жасалынатын бірлік халі.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub