Уасан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Уасан (Үлгі:Lang-ar) - Исламға дейінгі Араб жеріндегі пұтқа табылатын мекендерді белгілеудің негізгі түрлерінің бірі. Уасаннан бөлек нүсіп (көпше - ансаб) және санам (көпше - аснам) деген атаулар да қолданылған. Ансаб - пұтқа бағытталған құрбандықтардың қайын ағызатын тас, қасиетті мекендегі, ғибадатханадағы мәйіт үстіне қойылатын әрі ара жікті белгілейтін тастар. Мұндай тасқа жұрт Құдай ретінде де табына беретін болған. Алайда, оған көпшілік сирек табынды. Көшпенділердің әрқайсысы өздерінің қоныстарында Құдай ретінде табынатын тасты таңдап алып отырды. Б.з-дың IV ғасырның орта тұсында, негізінен, набатейліктер мен палестиналықтар ықпалының нәтижесінде «қашалмаған тас» - нүсіп, Арабия елінің отырықшылық тіршілікті меңгере бастаған жерлерінде Құдайдың мүсіндік бейнесіне, яғни санамға немесе Уасанға айналды. Ішкеріректегі Арабия тұрғындарының тіліне санам сөзі арамей тілінен, ал васан сөзі эфиоп тілінен Оңтүстік Арабия тұрғындарының тілі арқылы келгенін семантик. талдаулар көрсетіп отыр. Аталған екі атаудың маңыздарының өзара айырмашылығы айқын емес. Ибн әл-Калби санам сөзі ағаш пен металдан жасалған пұтты бейнелесе, Уасан сөзі тас мүсіннен жасалған пұтқа қолданылды деп есептейді. Алайда Исламға дейінгі поэзияда, Құранда мұсылман аңыздарында (хадистерде) уасан мен санам атауларының бірін бірі алмастыра алатыны атап көрсетілген. Исламға дейінгі Арабияда әр тайпаның өз тәңірі болды. Оларға құлшылық етуге әртүрлі тайпалардың өкілдері келетін. Құдіреттің өзі де, оған құлшылық етушілер де қамқорлықта, қарымқатынаста болады деп есептелді. Құранның Аллаһ жөніндегі көптеген түсіндірмелері пұгқа табынуға қатысты пайымдаулармен генетикалық тұрғыдан байланысын жатады. Айталық, Пұт Тәңіріне тіл тигізудің соңы әртүрлі ауруға (алапес болу немесе жындану) ұласуы мүмкін. Пұтқа табынудың рәсімі болып табылатын жоралғы, негізінен, құрбандық шалуға, пұгты айналып жүруге, оның алдында тұрып бал ашу сияқтыларға саяды. Пұтқа табыну қызметін, көбіне мұрагерлік арқылы ие болған арнайы адам атқарады. Исламға дейінгі Арабиядағы ең ірі ғибадатхана әл-Қагба болып табылады. Оның маңайына Пұт Тәңірлері мол шоғырланған. Ислам пайда болар қарсаңында әл-Лат, (тас сипатты Тәңір) әл-Узза (әулие ағаш сипатындағы тәңір) Манат және Хұбал (аңыз бойынша Сириядан немесе Арабияның солтүстік аудандарынан әкелінген тас мүсіндер сипатындағы тәңірлер) атты Пұт Тәңірлері неғұрлым кең мәлім болды. Мәселен, Хұбал Меккедегі ғибадатхананың Бас Тәңірісі еді.

VI - VII ғасырлар шегінде пұтқа табынушылық дағдарысқа ұшырады. Ол пұтқа табыну Тәңірінің беделі күрт төмен түсуден, одан да жоғары тұрған, балаларға қарағанда неғұрлым күшті Құдірет туралы түсініктің пайда болуынан туындады. Мұның өзі Арабияда иуда мен христиандықтың таралуына және әлі айқындыққа ие болып үлгермеген жергілікті жалғыз Құдайға (ханифийа) сиынушылыктың пайда болуына ықпал етті. Ислам араб жеріндегі пұтқа табынудың ең алдымен қажылық және «қара тасқа» тәуап етуге қатысты салт жораларын сақтап қалды.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub