Төлешев Сатымбек Омарұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төлешев Сатымбек Омарұлы (1920-1977) - Жамбыл облысы, Шу ауданының Жамбыл атындағы кеңшарында туып, Саратов балалар үйінде тәрбиеленеді. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

1937 жылы Семейдегі Қазгеолог бақылау жұмысшыфакқа оқуға түсіп, 1939 жылы аяқтайды. Осы жылы Сатымбек Омарұлы Мәскеу Тау-кен институтына түседі, алайда соғыс алдында Алматыға оралып, 1941 жылы атқыштар училищесін аяқтайды. Осы жерде лейтенант болып, Алматыда құрылып жатқан 391-атқыштар дивизиясына жіберіледі. Сатымбек Омарұлы осы дивизияның құрамында рота командирі ретінде соғысқа аттанады. 1942 жылы ауыр жараланады.

Госпитальдан кейін Сатымбек Омарұлының әскери өмірінің жаңа кезеңі басталады. Ол «Выстрел» офицерлер курсын аяқтап, енді соғысқа мотоатқыштар баталъонының командирі болып аттанады. Тағы да жараланып, госпитальға түседі. Тағы да жаңа қызмет – Гвардиялық әуе-десант бригадасының I батальонының командирі. Тағы да жараланады. Бұдан кейін Сатымбек Омарұлы Словакияда құрылып жатқан десантшылар тобына қосылады. Қарсыластар тылына (Польша, Чехословакия) 1944-45 жылдары Золотарь жолдастық бірлестігінде бірлестік штабы бастығының қызметін атқарды. 1945 жылы Сатымбек тұрақты қызыл әскер құрамына қайтып оралады.

1949 жылы Төлешев С.О. Қазақстанға оралып, №1 баспахананың директоры қызметіне тағайындалды. Соғыстан кейінгі Қазақстан полиграфиясының қайта жандануы жолында қызмет ете жүріп, №2 баспахананың директоры болды.

Сатымбек Омарұлы 40 жасында Мәскеу полиграфиялық институтын сырттай аяқтайды. Кейін Алматы Кітап фабрикасын құрып, «Кітап» өндірістік бірлестігінің бас директоры болды. Ол полиграфист мамандардың түгел бір толқынын тәрбиеледі.

Төлешев С.О. соғыс жылдарында Жауынгерлік Қызыл Ту, I және II дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Отан соғысының I дәрежелі партизаны ордендерімен, КСРО медальдарымен марапатталды. Польша жеріндегі партизандық жұмыстарға қатысқаны үшін С.О. Төлешев Польшалық үздік орден Виртути Милитари Күміс крестін иеленді. Бейбітшілік кезінде Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, ҚазКСР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағы берілді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}