Тұңғыш президент күні (Қазақстан)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мейрам Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 2012 жылдан 2022 жылға дейін 1 желтоқсанда жыл сайын тойланған Қазақстанның мемлекеттік мейрамы. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. 2022 жылдың 29 қыркүйегінде қабылданған «Мерекелер туралы заң» бойынша мемлекеттік мейрам деңгейін жоғалтты.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Тарихы

Бұл мейрамның аталуының негізі және алғышарты болып 1 желтоқсан күні болған президент сайлауы болды. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы президент атанды. Ол жылы Н.Назарбаев 88,2% дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болған еді. 2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. <ref>Үлгі:Cite web</ref> 2011 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Президенті заңға қол қойды, заңға № 509-IV саны берілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2012 жылдан бастап 1 желтоқсанда Қазақстанның түкпір-түкпірінде мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді, оның басты мақсаты елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Кейбір жалпыұлттық шаралар да мерекеге орайластырылды. Мысалғы, 2016 жылдың 1 желтоқсанында 10 000-шы ескерткіш банкнот айналымға енгізіліп, Алматы облысындағы Нұркент жаңа қонысының ресми ашылуы өтті.<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2022 жылдың қыркүйегінде ҚР Парламенті Мәжілісі «1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты атаулы даталармен және әлеуметтік мәні зор әлеуеті жоғары басқа да даталармен салыстыра отырып анықтауды ұсынылды, мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастап» , тиісті заң қабылданды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2022 жылдың қараша айының соңында ол мерекелер тізіміне енді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер