Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Жаманқұлов Тұңғышбай Қадырұлы (2 қазан 1948 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай) — кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, театр режиссері. Қазақстанның халық әртісі, ҚРның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Өнертану ғылымының кандидаты.

Жалпы мәліметтер

Алматы өнер ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) актерлік ф-тін бітірген (1973). Актерлік өнер жолын студенттік кезінен Қазақ драма театрында бастады (1970). 1993 — 2001 ж. осы театрдың директоры әрі көркемдік кеңестің төрағасы болды. Ж. Қазақ драма театры сахнасында Бейсенбай (Қ.Мұқашевтың “Дала дастанында”), Арыстан (Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астындасында”), Бақтығұл (Қ.Ысқақовтың “Таңғы жаңғырығында), Мырзахмет (Т.Ахтановтың “Жоғалған досында”), Демесін (Д.Исабековтің “Кішкентай ауылында”), Көтібар, Сырым (М.Әуезовтің “Айман — Шолпан” мен “Қарагөзінде”), Жалмұхан (ұ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқтысында”), Абылай хан (Ә.Кекілбаевтың “Абылай ханында”, М.Байсеркеновтің “Абылайдың ақырғы күндерінде”), Әбутәліп (Ш.Айтматовтың “ұасырдан да ұзақ күнінде”), т.б. рөлдерді сомдады. Бұл рөлдерде Ж. ұлттық және әлемдік театр мектептерінің дәстүрін терең меңгерген, диапазоны кең актер екенін танытты. Ж. еліміздің кино өнерінің дамуына да елеулі үлес қосып, Чекист (“Отқа оранған Орал”), Тәңірберген (“Қан мен тер”), Әбілқайыр (“Жаушы”), Оразмерген (“Ақырғы аманат”), Болат (“Тарғыл қауын”), Әзімхан (“Қаралы сұлу”), Қайырхан (“Отырардың күйреуі”), Құнанбай (“Жас Абай”) бейнелерін өзіне тән ерекше шеберлікпен сомдап шықты. “Отырардың күйреуі” фильміндегі Қайырхан рөлі үшін Қазақстан Республикасы Мемл. сыйл. лауреаты атанды (1992). Ж. режиссер ретінде К.Гоццидің “Турандот ханшайым”, М.ұапаровтың “Тұзды шөл”, Қ.Шахимарданның “Томирис” пьесаларын сахнаға шығарып, бүгінгі заманғы отандық театр өнерінің деңгейін көтеруге үлес қосты.

Білімі

1973 жылы Қазақ ұлттық консерваториясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік өнер иниституты)ның "актерлік" факультетін бітірген. Ұстазы: КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша Бөкеева.

Еңбек жолы

Марапаттары

Жеке өмірі

  • жары: актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәрия Жүсіп.