Түрікмен құланы
Үлгі:Taxobox Түрікмен құланы (Үлгі:Lang-la) – жылқылар тұқымдасына жататын құлан кіші түрі. Сирек, Қазақстанда 1953 жылы жерсіндірілген. 1982 жылдан Қапшағай мемлекеттік аңшылық-қорық шаруашылығында, 1986 жылдан - Бетпақдала, 1991 жылдан – Маңғыстауда жерсіндіру жұмыстары жүргізіле басталды. Шөл және шөлейтті жерлердің жазықты, төбелі және қиыршық тасты жерлерін мекендейді; аласа таулар мен тау бөктерлерін де жайлай береді. Қазақстанда жалпы саны - 700 бас. Алматы мен Қарағанды хайуанаттар парктерінде бағылады және көбейді. «Алтынемел» ұлттық паркінде, Барсакелмес қорығы мен екі қорықшада қорғалады. Түрікменстаннан қан жаңарту үшін жаңа құландар әкеліп, Оңтүстік Балқаш өңіріне жерсіндіру қажет.
Мазмұны
- 1 Тақтұяқтылар отряды
- 2 Жылқылар тұқымдасы
- 3 Статус
- 4 Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы
- 5 Таралуы
- 6 Мекендейтін жерлері
- 7 Саны
- 8 Негізгі шектеуші факторлар
- 9 Биологиялық ерекшеліктері
- 10 Қолда өсіру
- 11 Қабылданған қорғау шаралары
- 12 Қорғауды керек ететін шаралар
- 13 Зерттеу үшін ұсыныстар
- 14 Дереккөздер
Тақтұяқтылар отряды
– Perissodactyla
Жылқылар тұқымдасы
– Equidae
Статус
II-шы санат. Құлан халықаралық аспектіде саны күрт азайып бара жатқан жануар. Сондықтан да халықаралық табиғат қорғау Одағының Қызыл кітабына кірген.
Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы
Қазақстанда жалпы жылқылар туысына жататын 9 түрдің бірі <ref>Капитонов, 1977</ref>.
Таралуы
ХVIII-ХIХ-ғасырларда Қазақстан мен Орта Азия даласында, шөл-шөлейтті аудандарында кең таралған. Сол кезде үйірінде мыңдап құлан саналатын. XX ғасырдың басында біздің республика территориясында ол жойылып кетті. 1953 жылы Барсакелмес аралына (Арал теңізі) 8 түрікмен құланы жерсіндірілді. Жаңа жерге жақсы жерсініп, өніп-өсе бастады. 1982 жылдан оларды жерге жерсіндіру басталды: 1982-1984 жж. - «Алтынемел» ұлттық паркіне, 1986-1990 жылдары және 2007 ж. - Андысай қорықшасына, 1991 ж. – Ақтау-Бозащы қорықшаларына жіберілді.
Мекендейтін жерлері
Құлан - шөлейтті және шөлді жерлер фаунасынның өкілі. Ол ауа райы ыстық және құрғаң, қысы суық болатын қоныстарды мекендей береді. Бұл олардың жоғарғы экологиялық бейімділігін көрсетеді. Көбіне қыратты жазық ашық участкелердеі мекендеуді ұнатады. Аласа таулар мен олардың етектерінде тіршілік етеді.
Саны
1956 жылдан Барсакелмес аралында құландар жақсы көбейіп, 1982 ж. олардың саны 280-ге жетті. Сол жылы «Алтынемел» ұлттық паркіне 32 құлан әкеліп жіберілді. Онда олар жақен өніп-өсіп, сандары жылдан жылға өсе берді. 2003 ж. – 667, 2004 ж. – 768, 2005 ж. – 1118, 2007 ж. – 1589, ал 2008 ж. – 1763 басқа жетті. Сондай-ақ 1986-1987 жж., 2007 ж. 85 құлан Андасай қорықшасына (Жамбыл облысы), ал 1991 ж. 35 құлан Ақтау-Бозащы қорықшасына (Маңғыстау облысы) жіберілді. 2004 ж. Бозащы түбегінде 100-120-дай құлан бар екендігі анықталды. 2006 ж. Шығыс Арал маңынан 250-300 құлан санаққа алынды. Жалпы, Қазақстан территориясында 2007 жылы құланның жалпы саны 2 мыңға жуық болды<ref>Плахов, 2005</ref>.
Негізгі шектеуші факторлар
Браконьерлік және адамдардың шаруашылық қызметіне байланысты аң қоныстарындағы өзгерістер. Қатаң қарлы қыстар, жұттар мен құрғақшылықтар<ref name="Грачев, 1991">Грачев, 1991</ref>.
Биологиялық ерекшеліктері
Жерсіндірілген жерлерде 30-100 шақырым көлемінде қоныс аударып, тұрақты тіршілік етеді<ref>Касабеков, 2006</ref>. Жақсы жайылымдар мен суы мол мекендерде ұзақ уақыт жүргенін көресіз. Құлан өсімдіктердің 31 түрімен қоректенеді. Қазақстанда құландар жыныстық жағынан 2-3 жылда жетіледі, бірақ айғырлары көбеюге тек 3-4 жасында қатысады<ref name="Грачев, 1991"/> . Күйге мамыр-шілде айларында түседі; буаз болу мерзімі – 11.0-11.5 ай. Биелері мамырдың аяғы мен маусым айларында құлындайды. Көбіне бір, өте сирек-екі құлын туады. Жаулары-ірі жыртқыш аңдар мен құстар.
Қолда өсіру
Мәліметтер жоқ.
Қабылданған қорғау шаралары
Алматы, Жамбыл және Маңғыстау лблыстарындағы қорғалатын территорияға жіберілген. «Жойылып кету қаупі бар фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда жасау Көнвенциясының» 2-ші қосымшасына енгізілген.
Қорғауды керек ететін шаралар
Келешекте Қазақстан территориясына құланды жерсіндіруді жалғастыра беру керек. Әстресе, оны Шілікті даласына (Шығыс Қазақстан облысы), Оңтүстік Балқашқа, Сүгеті даласына (Алматы облысы), Еділ-Жайық өніріне жіберу керек.
Зерттеу үшін ұсыныстар
Жерсіндірілген құландарға жұрақты экологиялық мониторинг (бақынау) жүргізіп өтыру қажет.
Дереккөздер
<references/>