Түмен тәуіп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ТҮМЕН ТӘУІП Қаражігітұлы (шамамен 1820/22 – 1874/76) – әулие, халық емшісі, тәуіп. Түмен Тәуіптің шешесі үш жүзге пір болған, жеті өлікке жан берген Мүсірәлі сопы әзиздің кенже баласы Қосым қожа әулиенің қызы. Ел аузындағы аңыз әңгімелерге қарағанда, Түмен Тәуіпті 5 – 6 жасар кезінде-ақ аруақтар қамқорлыққа алып, 12 жасында біржолата қоныпты. Бала Түмен Тәуіп иығына дорбасын іліп, жаздай төбелерден, дарияның жағалауынан, сексеуілді орман-тоғайлардан, Қарақұм алқаптары мен Нұралықтан түрлі шөптерді жинап, шипалы дәрілер әзірлеген. Жүгері, арпа, сұлы дақылдары мен ас тұзының да, асқабақ, қарбыздың да шипалық қасиетін тапқан. Сол сияқты төрт түлік малдан бастап, жабайы аң-құстардың бойында да адам ағзасына қуат беретін дарулық қасиеттер бар екенін анықтап, емге қолдана білген. Түмен Тәуіп асқан қобызшы, күйші де болған. Мұңды, сиқырлы да сазды болған деседі. Түмен Тәуіптің қобызы қазіргі шырақшысы, Муса бақсының баласы Қостайдың үйінде сақтаулы. Түмен Тәуіптің басына тұрғызылған үйтам қазір мүжіліп, қирай бастаған. Зиярат етушілер түнейтін қонақүй салынған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Түмен тәуіп|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}