Түлкібас обалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түлкібас обалары - Қазақстандағы әр түрлі кезеңнен қалған обалар тобы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас станциясының жанында. 1940ж. Тараз қаласындағы көне ескерткіштерді зерттеу бөлімінің меңгерушісі Г.И. Пацевич зерттеген. Он екі жерден жүзге жуық обалар картаға түсіріліп, тұрғындардың өмір сүрген мезгілі шамамен аныкталған. Түлкібас обаларының ауданы 15x20 м-ден 30x56 м-ге дейін жетеді; биікт. 0,5 м, 1,5 - 2 м, 5 - 16 м. Обалар әр жерде топ-топ болып тізбектеле орналасқан. Бұлардың биіктігі мен аумағының әр түрлі болуы әр мезгілде өмір сүргенін дәлелдейді. Мәселен, биікт. 1-16 м-ге дейінгі тізбек обалар - б.з.б. 6-5 ғасырдағы сақ тайпаларынікі болса, биікт. 1 - 3 м-ге дейінгілері түркі дәуіріне жатады деп түжырымдауға болады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}