Түктібаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Түктібаев — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Алға ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 55 км-дей жерде, Сырдарияның сол аңғарының жайылымында, Түктібаев каналының жағасында орналасқан.
Тарихы
1985 жылға дейін "Октябрь", одан кейін "Майдакөл" деп аталды. 1966 жылы күріш өсіретін «Октябрь» кеңшарының орталығы болды. 1985 жылы осы өңірде туып-өскен Кеңес Одағының батыры Ү. Түктібаев есімі берілді. <ref>«Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013</ref>
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1819 адам (934 ер адам және 885 әйел адам) болса, 2009 жылы 1803 адамды (944 ер адам және 859 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>