Әйтеке би кенті
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әйтеке би (2000 жылға дейін — Жаңа Қазалы) — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы қала типтес кент, аудан және Әйтеке би кенттік әкімдігі орталығы.
Географиялық орны
Облыс орталығы - Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 315 км-дей, Қазалы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км-дей жерде, Қандыөзек көлі мен Сырдария өзені аралығында орналасқан.
Халқы
Тұрғыны 38046 адам (2009).
Тарихы
Бұрынғы атау – "Новоказалинск" қаласы. Іргесі 1904 жылы Орынбор-Ташкент темір жолының салынуына байланысты қаланған.
Инфрақұрылымы
Кентте 3 мешіт бар. Кентте 1 емхана және 2 аурухана бар. Кентте 7 (жеті) орта мектеп бар. Кентте 4 бала бақша бар, 1 саябақ, 4 базар бар. <ref>«Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013</ref>