Түймешетен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Түймешетен (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 30 – 150 см.
  • Сабағы тік, көп болады.
  • Жапырақтары қауырсын тәрізді тілімделген, кезектесіп орналасады.
  • Сары түсті ұсақ гүлдері бір-бірден орналасып, себет гүлшоғырын құрайды, олар сабақтың ұшында жетіледі. Шілдеқыркүйек айларында гүлдеп, жеміс салады.
  • Жемісі – дәнек.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Қазақстанның барлық өңірінде тараған 15 түрі бар. Орманды, далалы, кейде сортаң топырақты жерлерде, тастақты төбешік баурайларында өседі. Жиі кездесетіні – кәдімгі түймешетен (Tanacetum vulgare).

Құрамы

Түймешетен гүлінің құрамында танацет, галлус, т.б. органикалық қышқылдар, илік және бояғыш заттар, шайыр, эфир майы мен май болады. Улы өсімдік.

Емдік қасиеті, қолданысы

Медицинада ішек құртын түсіретін, бауыр және өт жолдарын емдейтін дәрі ретінде қолданылады. Халық медицинасында ревматизмді, құяңды, бас ауруларын, гастритті, қызбаны, шеменді, қарын жарасын, жүрек қызметінің бұзылуын емдеуге пайдаланылады. Сондай-ақ іріңді жаралар мен жарақаттарды емдеуде терінің сыртына жағады.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер