Түймекент
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Түймекент (1993 жылға дейін — Будённовка)<ref>Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан</ref> — Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы ауыл, Түймекент ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан солтүстікке қарай 18 км жерде, Талас өзені жағалауындағы боз жусан, баялыш, күйреуік, ши т.б. шөптесін өскен сұр, шалғынды, сұр топырақты қуаң шөлейт далада орналасқан. Жер көлемі 77047 га.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 4511 | Үлгі:Өсім5195 | Үлгі:Өсім7405 | 142,5 | 2663 | Үлгі:Өсім3798 | 142,6 | 2532 | Үлгі:Өсім3607 | 142,5 |
Тарихы
Ауыл 1993 жылға дейін Буденновка (қолбасшы М.Буденныйдың атымен) деп аталып келген. Іргесі 1924 жылы қызылша өсіретін «Трудовой пахарь» ұжымшарының орталығы ретінде қаланды. Оның негізінде «Түймекент» өндірістік кооперативі, ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы
Орта, орталау мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық дәрігерлік амбулатория т.б. мекемелер бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларының аңықтамалығы</ref>