Түйесу құмы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Түйесу құмы, Маңғыстау үстірті мен Үстірттің батыс аралығында жатқан құмды алқап. Маңғыстау облысы Қарақия аудан жерінде орналасқан. Құмды алқаптың оңтүстік-батыс бөлігінің абсолюттік биіктігі 214 м-ге жетсе, солтүстік-шығысында 58 м. Солтүстік-батыс бағытта 37 км-ге созылған, еңді жері 21 км-ге жетеді. Ауданы 430 км2. Құмды алқаптың оңтүстік бөлігін бойлай Құланды кемері созылып жатыр. Оның абсолюттік биіктігі 281 м. Шығысында оқшау орналасқан Тынымбай тауы бой көтерген (227 м). Тұщы грунт суы оңт. бөлігінде 3 – 41 м тереңдікте кездеседі және жер астынан тәулігіне 9,25 мың м3 су алынады. Оңтүстік-шығысында Бесоқты құдығы орналасқан. Құмды жағалай Қызылсу, Сенек, Бостанқұм ауылдары және бірнеше қыстаулар жайғасқан. Шөп жамылғысында еркекшөп, құмжусан, т.б. шөлге тән өсімдіктер өскен. Түйесу құмы – көктемгі, күзгі мал жайылымы.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub