Тінәсілі Мұхтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тінәсілі Мұхтар (25.12.1944 ж.т., Жамбыл облысы Жуалы ауданы Ынтымақ а.) – экономика ғылымының докторы (2000), профессор (2007). ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылым академиясының академигі (2008). Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институты (1967, қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) және КСРО Халық шаруалар академиясын (1990, Мәскеу) бітірген. Тараз қаласындағы Су шаруашылығы институтында кіші ғылыми қызметкер, Арыс-Түркістан каналы және Бөген суқоймасы құрылыс басқармасында бас инженер (1967–75), Балқаш ауданы су жүйелерін пайдалану басқармасының бастығы (1975–79), «Бақбақты» кеңшарының директоры (1979–85), Алматы облысы күріш кеңшарлары басқармасының бастығы (1985–87), Қазақ КСР-і Су шаруашылығы министрлігінің бас басқармасының бастығы, Жоспарлау комитетінде бөлім меңгерушісі, Орта Азиялық даму және ынтымақтастық банкінде департамент директоры (1987–2002), Қазақ ұлттық аграрлық университеті нде кафедра меңгерушісі (2002–08) болды. 2008 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 1999 ж. «Проблемы экономической интеграции стран Центральной Азии в условиях переходной экономики» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 120-дан астам ғылыми жарияланымның, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тінәсілі Мұхтар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}