Тіл комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тіл комитеті - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 Қаулысына сәйкес қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Тіл комитеті (бұдан әрі - Комитет) өз құзыреті шегінде іске асыру және бақылау- қадағалау қызметтерін, сондай-ақ өз құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері - тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңнаманың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру болып табылады. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды жүзеге асырады: тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету; тілдерді дамыту сапасындағы біртұтас мемлекеттік саясат қызметін ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру; терминология және ономастика комиссияларының қызметін қамтамасыз ету; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомство аралық үйлестіру; тіл туралы заңнаманың талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар беру, тіл туралы заңнаманы бұзуға кінәлі лауазымды тұлғаларға тәртіптік жазалар шараларын қолдану туралы тиісті органдарға ұсыныстар енгізу жөніндегі тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін қызметтер; орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды бақылау- қадағалау қызметтері. Комитеттің негізгі міндеттері мен қызметтерін іске асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен: өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан тілдерді дамыту саласындағы заңнаманың, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жөнінде ақпарат сұратуға және алуға; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық кесімдер шығаруға; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткізуге; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза қолдануға; тілдерді дамыту саласында нормативтік-қүқықтық кесімдерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге; жеке және заңды тұлғалар тілдер туралы заңнаманың талаптарын орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа шағымдануға; ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге; мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тіл саясаты мәселелері бойынша тыңдауға құқығы бар.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тіл комитеті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}