Тікен жапырақты құмшөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Тікен жапырақты құмшөп<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – шатыршагүлділер тұқымдасының құмшөп туысына жататын бір жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 20-25 см.
  • Тамыры жіңішке, цилиндр тәрізді.
  • Сабағы жалаң, түбінен бастап тікенекті бұтағы болады. Төменгі жапырағы жалпақ қысқа сағақты. Жапырақ тақтасы жіп тәрізді бөліктерге үшқұлақтана тілімделген, ұзындығы 4 см-дей.
  • Сабақ жапырақтары сағақсыз. Шатыры 3-4 тармақты, ұзындығы 3 см-ге дейін жететін ұзын гүл сағағы болады. 2-4 орама жапырақтары бүтін немесе көбіне үшқұлақтана тілімденген, шатырын жауып тұрады. Шатыршасы 2-3 гүлді. Күлтелері әр түрлі, сыртқы гүлдерінің күлтесі ірі, ұзындығы 1,5 мм.
  • Жемісі - сырты жылтыр қылтанақты, жұмыртқа тәрізді, дөңестеу. Борщов құмшөбінің (Psammogeton Borsczovi) тікен жапырақты құмшөптен айырмашылығы шатыры 7-9 тармақты, шатыршасында 15 гүлі болады. Күлтесі қызғылт түсті.

Өсетін жері мен таралуы

Қазақстанда Қызылорда облысы, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл ойысы, Іле, Күнгей Алатаулары, Шу-Іле таулары, Оңтүстік Қаратау, Каспий және Арал маңы, Торғай және Сарыарқа тауларының ұсақ шоқылары және Солтүстік Үстірттің құмды жерлерінде, құмды қырқалардың құрғақ беткейлерінде өседі.

Дереккөздер

<references/>