Тоқсанбай Сүлеймен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тоқсанбай Сүлеймен қажы Рахымжанұлы (15.1.1942 ж.т., Жалағаш ауданы, қазіргі М.Шәменов а.) – аудармашы-журналист, энциклопедияшы, баспа ісінің қайраткері (2005). ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика ф-тін бітірген (1969). 19691978 ж. «Қазақ совет энциклопедиясы» Бас редакциясында ғыл. редактор, 19781985 ж. Қазақстан компартиясы ОК жанындағы Партия тарихы ин-тында аға ғыл. редактор, 19851991 ж. Қазақ КСР Мин. Кеңесінің жанындағы Қазақ Ақпарат агенттігінде (ҚазТАГ) аудармашы, 19911995 ж. Қаржы мин-нде, Мемлекеттік қаржы бақылау к-тінде, 19961997 ж. Халықты әлеуметтік қорғау мин-нде аударма бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2002 жылдан «Қазақ энциклопедиясында» редактор. Көркем аударма саласында аударған бірқатар әңгімелері «Жалын баспасынан жарық көрген «Күншуақ» (1981), «Сиқырлы дорба» (1983) жинақтарына енген, В.Владимировтің «Бернули заңы» (1982) романын, И.Милевтің «Шегобишка» (1987) повесін тәржімелеген. Қаз КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1983), «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. 2005 ж. қаңтарда үлкен қажылық парызын өтеген.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тоқсанбай Сүлеймен|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}