Торғай облыстық қазақ съездері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Торғай облыстық қазақ съездері. Облыстық қазақ съездерін бастап берген 1917 жылы болып өткен Торғай облысы қазақтарының съезі еді.

Бірінші Торғай облыстық қазақ съезі

Оған өкіл есебінде қатысқан 300 адамның арасында ақсақалдар мен ел адамдары, дін басы молдалар мен мұғалімдер, оқытушылар мен заңгерлер, дәрігерлер мен шығармашылық интеллигенция өкілдері бар болатын. Газетте берілген хабарларда съез Торғай және Орал облыстарының қазақтары үшін деп айтылғанымен, оған Ақмола, Семей, Сырдария облыстарынан, Бөкей ордасынан, Орынбор губерниясы мен Қазан, Уфа, Ташкент және басқа қалалардан да өкілдер қатысқан еді. Делегаттар мен шақырылған адамдар арасында сондай-ақ ескі ұлттық интеллигенция өкілдері, I Мемлекеттік дума мүшелері Алпысбай Қалменов пен Ахмет Бірімжанов, есімдері енді жаңадан мәлім бола бастаған Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шоқай, Т.Жаманмұрынов сияқты жас қайраткерлер де болды. Бұлармен бірге съездің құрметті қонақтары қатарында өзбек, татар және башкұрт халықтарының аса көрнекті қоғам қайраткерлері Мунаууар Кари, Фатих Каримов және Теміршах Соловьев сияқты кісілер де бар еді. Съезге жаңа ғана Торғай облысының комиссары қызметіне бекітілген Ә.Бөкейхан да қатынасады. Бұл «Қазақ» тілшісі Имам Әлімбеков тура атап көрсеткендей, «қазақтың орыс қоластына кіргеннен бері зор қалыпта құрылған тұңғыш съезі» еді. Съез атына Семей, Қазан және Мәскеу калаларындағы қоғамдық ұйымдар мен жеке адамдардың атынан құттықтаулар түседі. Қазандағы мұсылмандар комитеті жолдаған жеделхатта: «комитет бостандық болғаннан бері бірінші болып жасалып жатқан қазақ бауырларының съезін құттықтайды. Қазақтың өз тізгіні өзінде болсын! Съездің жұмысы өнімді болып, Ресейдегі барша түрік-татар халықтары бірігіп, игілікке жетуге жазсын» деп көрсетілген еді. Семейдегі Қазақ комитетінің мүшесі Нәзира Құлжанова жолдаған жеделхатында съез қазақ әйелінің жағдайын да үмытпас деген тілек айтып, «бостандыққа қарқ болған Ресейде қазақ әйелдерінің кісшдеулі күйінде түруы келіспейді. Еркекті асырап-сақтап, азатшыл арлы, намысты азамат қатарына қосу күңдіктен құтылған, адам санына қосылған әйел қолынан келеді» деген орынды пікірін қосады. Съезді кіріспе сөзбен Ә.Бөкейхан ашады. Оның ашылу сәтінде ескі далалық аристократия, патша чиновниктері мен ұлттық демократиялық интеллигенция арасындағы өзара жіктелу байқалды. Съезге төрағалыққа үсынылған А.Байтұрсынұлының кандидатурасына троицкілік Жансұлтан Сейдалин қарсы шығып, наразылық танытады. Бірақ съез делегаттары бір ауыздан А.Байтұрсынұлын сайлайды. Съез жаңа тәртіп жайы, жер мәселесін, земство туралы, зиянды мекемелер мен шенеуніктер ісін, тағы сол сияқты барлығы 13 мәселші қарап, олар бойынша қаулы қабылдады. Ол мемлекеттік құрылыс жөнінде кеңесе келіп, «Ресей мемлекеті демократиялық, парламшттік, қатаң бір орталыққа бағынбаған республика болсын» деген тоқтамға келеді. Ал бүкілресейлік құрылтай жиналысына әр халықтан санына қарай депутат сайлауын, сайлауға әйелдердің де қатынасуын қолдайды. Съез үкімет орындары - ауылдық, болыстық, >ездік және облыстық комитеттер ашу туралы қаулысында оларды құру жолдарын көрсетіп, ескі биліктің өз өкілдігін жаңа сайланған атқару комитеттеріне өткізу тәртібін, сондай-ақ жаңа билік орындарының жұмыс ретін белгілеп берді.

Екінші Торғай облыстық қазақ съезі

Торғай облысы қазақтарының екінші съезі 1917 жылдың 20-25 тамыз аралығында Ақтөбе қаласында болып өтті. Съезге 150 делегат қатынасты. Съез төрағалығына М.Есболов, орынбасарларына С.Досжанов, А.Түнғаншин сайланды. Съезде қаралған ең өзекті мәселелер: мемлекет билеу түрі; жер, мәселесі; земство; оқу мәселесі; сот ісі; рухани-діни іс; әйел мәселесі; Бүкілресейлік мұсылман кеңесі т.б. Съез облыстағы қазақ халқын басқару үшін ұлттық-территориялық қазақ автономиясын шгізуді талап етті, қазаққа өз алдына ұлттық саяси партия құруды қажет деп тапты, әйел мәселесін шешуді мұсылман діни жиналысына тапсыру керектігін айтты. Қорыта айтқанда, Торғай облыстық қазақ съездерінде заман ағымындағы өзекті мәселелер талқыланып, белгілі бір дәрежеде нақты іс-әрекеттерге қол жеткізілді.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Торғай облыстық қазақ съездері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}