Темір Базарбайұлы Қырықбаев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Темір Базарбайұлы Қырықбаев (3 мамыр 1983 жыл) — қазақстандық мемлекет қайраткері, 2023 жылдан бастап Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.
Өмірбаяны
Білімі
Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде білім алып, 2004 жылы диплом қорғап, заңгер біліктілігін алды. Кейін 2011 жылы «Сырдария» университетін қаржыгер мамандығын бойынша тәмамдады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Еңбек жолы
Еңбек жолын «Абучина» ЖШС құрылыс компаниясында директордың орынбасары болып бастады. 2006–2008 жылдар аралығында компанияда заңгерлік бағыт пен қаржылық мәселелерге жауапты болды.
2008–2021 жылдар аралығында «Таймас сompаny» құрылыс компаниясының бас директоры қызметін атқарды.
2021–2023 жылдары Түркістан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. 2023 жылы «Жас-Нұр-7» ЖШС бас директоры болды.
2023 жылғы 28 наурыздан бастап Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болып келеді. Түркістан облысындағы №27 сайлау округі бойынша Аманат партиясынан ұсынылған. Парламентте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып жұмыс істейді.