Темірбай жырау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Темірбай Жырау Жәнібекұлы (1868, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақарық ауыл – 1933, сонда) – ақын. Сыр бойы ақыны Даңмұрынның жиені. Бала кезінде “қойшы жырау” атанған. 1924 жылда Кете Жүсіппен айтысқан. Халық жырларымен қатар Балқы Базар, Әбубәкір Кердері, Ешнияз, Қарасақал Ерімбет, Тұрмағамбет, Жиенбай тәрізді шайырлардың шығармаларын жатқа айтқан. Ташкент, Бұхара, Тамды, Үргеніш, Хорезм өңірін аралап, жыршылық өнерімен халыққа танылған. “Темірбай жыраудың сиырмен айтысы” атты мысал айтысы жарық көрген (“Айтыс”, 2-т., 1965).<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}