Ешнияз Сал Жөнелдікұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ешнияз Сал Жөнелдікұлы (1834, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылы — 1902, сонда) — сал-сері, композитор. Сыр өңіріндегі салдық, күйшілік өнердің көрнекті өкілдерінің бірі. Құрманғазы Сыр өңіріне келген кезінде онымен кездескен. Ешнияз Сал Жөнелдікұлы елге басшы болып, билік айтқан, алғаш егін егуге ұйтқы болған адам. Ол атқарған осындай игілікті істерден қалған бір белгі — “Ешнияз бұлағы”. Ешнияз Сал Жөнелдікұлы Ырысты қызбен, Кенекеспен, Серәлі қожамен айтысқан. “Әуия”, “Ой-ой”, “Айтжан-ай”, “Гөй-гөй”, “Жүрек сазы”, “Дүрдараз”, “Желдірмая”, т.б. әндері бар. Белгілі музыка зерттеушісі А.Е. Затаевич құрастырған “Қазақ халқының 1000 әні” жинағына Ешнияз Сал Жөнелдікұлының 6 әні енген.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ешнияз Сал Жөнелдікұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}