Темирхан Момбекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Темирхан Момбекұлы - 1953 жылы 27 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 1976 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген. Оңтүстік Қазақстан облысы, «Мақтаарал» аудандық газетінде бөлім меңгерушісі, Алматы облысы, Талғар аудандық «Алатау жүлдызы» газетінде аудармашы, «Мектеп» баспасында, Қазақ теледидарында редактор болып істеген. Қазір Қазақ радиосында редактор-жүргізуші.

Еңбектері

«Қуанышы көп күндер» (А., «Жалын», 1981), «Күміс велосипед» (А., «Мектеп», 1982), «Әдемі қыздың жігіті» (А., «Жалын», 1983), «Ғашықтық жөні бір басқа» (А.,»Жалын», 1988) сынды әңгіме, повесть жинақтарының, «Тағдыр» (А., 2000), «Қасиетіңнен айналайын», (А.,»Айкос», 2001), «Алысқа үзатылған қыз», «Сырлы әлем», «Қойын дәптер», «Қасиетті Қазақ Жері», «Қазақтар» сияқты публицистикалық, прозалық кітаптар мен «Босқындар», «ҚұсшыҚаражон», «Қызыл мая» радиопьесаларының авторы. «Талқы» әңгімесі үшін 1992 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің лауреаты болған. 1995 жылы Ұлтжандылық, Желтоқсан тақырыптарындағы хабарларға өз қаржысымен бірінші рет Қайрат Рысқұлбеков атындағы конкурс ұйымдастырған. Қазақ радиосындағы «Жайдарман», «Бастаңғы», «Дәнекер», «Әлқисса», «Ақ тілек», «Қара шаңырақ», «Отырар кітап ханасы», «Қойын дәптер», «Алтын арқау», «Сырласу», «Қасиетті Қазақ Жері», «Ел суреттері» хабарларының авторы. «Қаламгер» бағдарламасын ұзақ жылдардан бері жүргізіп келеді. Ол елімізді велосипедпен аралаушы ең алғашқы жазушы, саяхатшы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}