Телғараев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Телғараев Сейфолла Пірімұлы (14.12.1910, Қызылорда – 25.8.1975, Алматы) – актер, педагог, киноактер, Қазақ КСР-інің халық арт. (1958). Ташкент қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленген. 1931 жылы Мәскеудегі Жұмысшы жастар театрына режиссерлер даярлайтын курсты бітіргеннен кейін 1932 жылы Қазақстан Өлкелік комсомол к-тінің жолдамасымен Қарағанды қаласында Жұмысшы жастар театрын ұйымдастырып, оның көркемдік жағын басқарды. 1932 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақтың мемл. академ. драма театрында қызмет етті. Осы театр сахнасында алғашқы ойнаған рөлдерінің бірі – І.Жансүгіровтің «Кек» драмасындағы Тастабан. Ол, негізінен, қомедиялық рөлдерде ойнаған. Осы бағыттағы басты рөлдерінің бір тобы: Жапал, Қараман, Шал (М.Әуезов, «Еңлік – Кебек», «Қара қыпшақ Қобыланды» мен «Айман – Шолпан»), Тымақбай (Ғ.Мүсірепов, «Амангелді»), Жайнақ (С.Мұқанов, «Шоқан Уәлиханов»), Баймағамбет, Жиренше (Әуезов пен Л.С. Соболевтің «Абайы»), Жартыбай (Ә.Әбішев, «Қырағылық»), Yдері (Ш.Хұсайынов, «Марабай»), Байбол (Ә.Тәжібаев, «Той боларда»), Дауылбай (Қ.Мұхамеджанов, «Құдағи келіпті»), Құдайберген, Маңғаз (Т.Ахтанов, «Сәуле» мен «Күтпеген кездесу»), Минутка (Б.Ф. Чирсков, «Жеңімпаздар»), Бобчинский (Н.В. Гоголь, «Ревизор»), Лафлеш (Ж.Б. Мольер, «Сараң»), Родриго, Грумио (У.Шекспир, «Отелло» мен «Асауға тұсау»), т.б. Актер өнері көрерменді баурап алар табиғи ойынының және ақжарқын, нұрлы юморының молдығымен ерекшеленді. 1942 жылдан киноға түскен: Көкбай («Абай әні», 1945), Мақсұт («Дала қызы», 1954), Сайран («Біз осында тұрамыз», 1957), Хакім («Өмір жолы», 1959), Ербол («Алдар Көсе», 1964), т.б. 1958 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Қазақтың мемл. академ. драма театрының құрамымен Қазанда, Уфада, Нүкісте және Бішкек қаласында өнер көрсетті. Қазақтың мемл. академ. драма театры жанындағы театр студиясында пед. қызметпен де шұғылданды. Қазан Революциясы және Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Телғараев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}