Тат (кетіру)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тат(кетіру). Татты кетіру үшін арнайы препараттар — ұнтақтар, пасталар, сұйық заттар қолданылады. Олардың құрамында тат еріткіш және түссіз неатмесе солғын түсті тұздар түзілетін қышқылдар бар.Ұнтақтар мен пасталардың құрамына түрпілі және жуғыш заттар қосылған, сондықтан олар тек таттан ғана емес, басқа да кірден тазартады.

Ванналар мен раковиналардағы татты кетіру

Ол үшін «Санитарный-1» ұнтағы», «Суржа» пастасы, «Санфор», «Санитарный—2» сұйық ерітінділері қолданылады. Бұл тазартқыштар, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық жабдықтарды дезинфекциялау үшін де пайдаланылады. «Санитарный—1» ұнтағын тат-танған жерге сеуіп, 15—20 минут өткен соң, жұмсақ ысқышпен немесе шүберекпен тазалан, сумен шаяды. «Суржа» пастасын қолдану әдісі де дәл осындай. «Санитарный —2» немесе «Санфор» сұйық ерітінділерін кірленген жерге құиып, щеткамен ысқылап, сумен шаяды. Бұл препараттарды ұдайы қолдануға болмайды.

Болат бұйымдарындағы татты кетіру

Оны арнайы препаратпен тазалауға болады. Алдымен бұйымның бетін кірден тазалап алады; металл щеткамен татын қырып, бензинмен майын кетіреді, содан соң бояу жаққышпен металдың бетіне қоспа жағады. Бұл 4—5 тәулікте кебеді. Бұдан кейін ол жерді бояған жөн. Жұмыс кезінде резеңке қолғап және қорғаныш көзілдірік киіп алған дұрыс. Препарат денеге тиген жағдайда, ол жерді сумен мұқият жуып тастау қажет.

Таттанудың алдын алу

Тым сирек пайдаланылатын металл бұйымдарды таттанып кетпес үшін сыртынан майлап қойған жөн. Бұл үшін техникалық вазелин немесе парафинді керосинге қосып пайдалануға болады (парафин шырақты үгітіп, 30 г үгітіндіге, 0,1 л керосин келетіндей етіп араластырады). Қоспаны қыздырмау керек. Парафин толық еруі үшін, үгіндіні берік жабылған ыдыстағы керосинге салын, бірнеше күн (3—4) сақтайды.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Кернеуліжепде


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тат (кетіру)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}