Ванна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ванна, Емдеу ванналары. Ванна үшін тұщы су (хош иісті және емдік заттар қоеылған, не оттегі, азот т. б. газдармен байытылған), арасан сулар (табиғи және қолдан жасалған), теңіз сулары, емдік балшықтар, құм қолданылады. Ауа мен күн ваннасында ауаныңжәле күн радиациясының емдік әсерін пайдаланады. Емдеу ванналарын дәрігерлер тағайындайды. Ол көбінесе санаторий-курорт және емдеу-сауықтыру мекемелерінде дәрігерлердің бақылауымен жүргізіледі. Үйде көбінесе тұщы суға (құбырдан келетін) және кейбір емдік ванналарға түсуге болады. Мұнда да дәрігердің нұсқаулары орындалуы әрі семья мүшелерінің біреуі бақылауы тиіс. В айнаға түскен адамның жай-күйін, тамырының соғуын бақылауға ыңғайлы болуы үшін бөлменің жарық болғаны жөн. Валлала қозғалмай еркін әрі тыныш жату керек. Ыңғайлы болуы үшін сырқаттың басының астына сүлгі не ауа толтырылған резеңке жастықша қояды. Валнадан кейін денелі құрғақ, ең дұрысы, ыстық табы бар сүлгімен не ақ жаймамен сүртеді, одан кейін ең кемі 30 минуттай тынығады.

Ваннаның емдік әсері су температурасына байланысты. Су мен дене температураларының айырмашыльіғы неғұрлым алшақ болса, ванна соғұрлым күшті әсер етеді. Ваннаға түскенде су температурасын өзгертіп пайдалану, міне, осыған негізделген. Суық (тепмературасы 20°С дейін) және қоңыр-салқын (температурасы 20—33 °С) ванналардың сергітетін, жылысы (температурасы 37—39°С) жаныңды жай таптыратын, ыстық (температура 40—420С )ваннаның — терлететін әсері бар. Аурудың сипатыла қарай вайнаға дене ні тұтас батыруға да (жүректен жоғары жағын ашық қалды ры іі) , тек аяққолды малуға да, не белуардан тусуге де болады. Салқын жиі тиетін адамдардың оргализмін тынықтыру мақсатында құбылмалы ванна қолданған тиімді. Ол үшін бір шелекке не дегенге ыстық су (температура 40—42°С), екіншісіне салқын су (температура 10—120C) құяды да, 10 минуттай аяқты біресе ыстық (1—2 минут), біресе салқын (15—20 секунд) суға кезек батырады; ең соңында аяқты салқын судан шығарады. Қуық қабынып ауырғанда, жыныс мүшелері сырқатқа ұшырағанда, геморрой және басқа да ауруларға іпалдыққанда отыратын ванна тағайындал ады. Ол үшін шұңғыл дегенге жылы су құйыл, оны орындыңқ а қояды да,ауру адам соған отырады, ал аяғын жылы су құйылған басқа дегенге салады. Мұндай ваннаны қабылдау ұзақтығы 20—30 минут, егер су ыстықтау болса —10—15 минут,салқындау болса 5—10 минут.

Тұщы судың емдік әсерін күшейту үшін оған кейбір дәрілік және хош иісті заттар — қылша экстрактісін, жалбыз, қыша (горчица), скипидар, марганец қышқылды калий, крахмал т. б. Қосады.

Қылқан ваннасының сырқаулық жайын жайландыратын әсері бар. Оны әзірлеу үшін жылы суға (35—370С) қылқан экстрактісін қосады (200 л суға сүйығынан —100 мл, ұнтағынан—50—70 г, не 1—2 таблетка). В айнаға түсу ұзақтығы 10—15 минут. Қыша ваннасы жоғары тыныс жолдарына салқын тигенде (тұтастай және аяққа), бронх астмасы ұстағанда (қолға), артерия қысымы жоғарылағанда (аяққа) қолданылады. Қыша ваннасын тері ауруына шалдыққандарға және қыша иісін көтере алмайтындарға пайдалануға болмайды. Мұндай ваннаны әзірлеу үшін құрғақ қытайы (200 л суы бар ваннаға 100—250 грамын немесе бір шелек суға 5—10грамын) аздаған суға езіп, сүзгіден өткізеді де, ваннадағы суға жақсылан араластырады. Ванна температурасы 36—380С, түсу ұзақтығы 5—7 минут, ал дененің тек бір мүшесін малғанда — су температура 39—40°С, ұзақтығы 10—15минут. Вайнаға түсер алдында дененің сезімтал тұстарын вазелинмен сылайды. Көз бен тыныс жолдарын қышаның иісінен қорғау үшін ваннаны ақ жаймамен жауып қойған жөн. Ваннадан шыққаннан кейін дене ні салқын сумен шайып, 30—60 минуттей жылы бүркеніп жатады.

Жас балалар температура өсеріне өте сезімтал келетіндіктен, оларға емдік ваннаны аса сақтықпен қолданған жөн. Ересек адамдарға қарағанда жас бала түсетін жылы және ыстық судың температура 1—20С төмен болуы тиіс, ал оларға ваннадан кейін салқын су қабылдауға мүлде болмайды.

Үйде балаларды қылша, марганец қышқылды калий, тұз, тұз-қылша, крахмал, сода, қыша, шытыр, итошаған тұнбалары т. б. қосылған ванналарға түсіруге болады.

Марганец қышқылды калий ваннасының теріні дезинфекциялайтын, әрі қүрғататын әсері бар, оған күн сайын не күнара 5—10 минут түседі, одан кейін денені таза сумен шаяды. Ванна әзірлеу үшін суға марганец қышқылды калийдің қою ерітіндісінен бірнеше тамшы (түсі қызғылт болғанша) тамызады. Суға оның кристалын тастауға болмайды. Өйткені ол теріге тисе күйдіріп кетеді.

Тұз ваннасы (10 л суға 50—100 г теңіз не ас тұзы) 6 айдан асқан мешел балалар емдеу үшін қолданылады. Ұзақтығы 3—10 минут, су температура 36—370С. Крахмал және сода ваннасы бірқатар тері ауруларын емдегенде тітіркенуін және қышуын басу үшін қолданылады. 3 ас қасық крахмалды салқын суға езіп, сонан соң оған ыстық су құнды да, шелектегі суға араластырады. Сода ваннасында бір шелек суға 1 ас қасық сода қажет. Вайнаға түсу ұзақтығы 8—10 минут, су температура 36—37°С.

Крахмал және сода ваннасына түскен баланың денесін сүлгімен сүртпей, тек желпіп келтіреді.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ванна|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}