Тастыталды
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Өзен Тастыталды – Есіл алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақмола облысы Жарқайың ауданының жерімен ағады.
Бастауы
Жаңадала ауылының оңтүстік-батысындағы бұлақтардан басталып, Есіл өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы
Ұзындығы 72 км, су жиналатын алабы 1540 км2. Арнасы тік жарлы (2 – 4 м). Басты салалары: Бөріктал(Талдыбұйрат). Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады, жазда иірімдерге бөлініп қалады. Суы ауыл шаруашылығына пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>